Елжан Біртановтың қорғаушылары президентке үндеу жасады

Олар мемлекет басшысынан экс-министрді қудалауды тоқтатуды сұрады деп хабарлайды “Астана” арнасы. Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ісі бойынша тергеу халықаралық жанжалға айналуы мүмкін,- дейді экс-министрдің адвокаттары мен қорғаушылары. Біртановтың үлкен ағасы, оның қоғамдық қорғаушысы Ержан Біртанның сөзінше, былтыр Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуді ұрлық туралы бап бойынша бастап, 14 ай бойы ешқандай дәлел таппаған. Кейін ол айып қызмет бабын теріс пайдалану деп қайта өзгертілген. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі бір жылға жуық уақыттан бері үй қамағында отыр.