Навальныйға қатысты тағы іс қозғалды

Оппозиционер Алексей Навальный мен оның жақтастарына «экстремистік қауымдастық құрды» деген айып тағылды. Аталған айып бойынша ең үлкен жаза – 10 жылға бас бостандығынан айыру. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің ресми сайты хабарлады. Навальныйдың түрме жазасы 2023 жылдың күзінде аяқталуы керек. Тергеу комитеті 2014 жылы Навальный “экстремистік қауымдастық құрды”, ал Волков пен Жданов көп ұзамай “қауымдастыққа қосылды” деп санайды. Ресей билігі Навальныйдың “Жемқорлықпен күрес қорын” елде “экстремистік” деп танып, қызметіне тыйым салған. Ведомство Навальный құрған қор “мемлекеттік органдардың абыройына нұқсан келтіріп, елдегі тұрақтылыққа қауіп төндірді, ел арасында наразы көңіл күй қалыптастырды” деп санайды.