Ақсай қаласында ер адам жұмыстасын ұрып өлтірген. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, ауыр дене жарақатын алған 47 жастағы ер адам көз жұмды. Соңы төбелеске ұласқан жанжал кезінде 49 жастағы ер адам әріптесін аяусыз соққыға жыққан. Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілген зардап шегуші жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүгізілуде.