Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы ашылды

Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бірақ арнайы талаптар бар. Біріншіден, үміткер қалада кемінде бір жыл тіркеулі, Отбасы банкте жинақ шоты болу керек. Сондай-ақ, бағдарламаға үміткердің ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес және соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы тиіс. Осылайша, «бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Сатып алынатын баспананың құны – шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өтінімдер qatysu.zhilfond.kz порталында 14 қазаннан бастап қабылданады» деп хабарлайды елорда әкімдігі.