Елордалық соттың апелляциялық алқасы Аstana LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойды. Қылмыстық істі прокурор қайта қарайды. Сот алқасы осындай шешімге келді. Отырыс елордалық соттың апелляциясында қаралған. Өйткені бұл атышулы істе заң бұзушылықтар көп. Дәлел болғанымен, кейбір шетелдік компаниялардың өкілдеріне қатысты шешім қабылданбаған. Ал сотталушылар қамауда отыра береді. Бұған дейін осы іс бойынша айыпты деп танылған жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.