Жексенбі, 10 қазандағы жарылыстан кейін Қайнар ауылына кіре берісте блок-бекеттер қойылып, полицейлер ертелі кеш күзетіп тұр. Әскери бөлімдегі жарылыстан шошынып қалған тұрғындар биліктен өздерін басқа жерге көшіруді талап етіп отыр, деп хабарлады КТК арнасы. Ресми мәліметке сүйенсек, ешбір адам жарақат алмаған, ешқандай ғираматқа зақым келмеген. Бірақ тұрғындар кейбір үйдің терезелері сынғанын айтады. Жергілікті билік Қайнар ауылынан тұрғындарды түгел шығарды. 37 адам туыстарын паналауға мәжбүр. Тіпті ауылда өткен жарылыстардан қираған баспаналарды қалпына келтіру уақытша тоқтады. “Жоспарлы жарылыстар болуы да мүмкін. Соған байланысты әзірге тұрғындарды ішке кіргізбейміз. Үйінділерді бір мезетте жару бойынша шаралар пысықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия шешім шығаруға тиіс”, – дейді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл. Әзірге жақындарын паналаған ауыл тұрғындары қашан өз үйлеріне оралатыны белгісіз.