Tesla компаниясының акциясы өскеннен кейін оның дәулеті осылай бағаланды. Осылайша америкалық миллиардер Forbes рейтінгісі бойынша әлемдегі ең бай адам атанды. Осыған дейін бұл рейтінгте бірінші орында Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос болған. Айта кетейік, Tesla мен SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың Tesla компаниясы әлемде ең қымбат авто өндіруші атанды. Автоконцерн Хэртц компаниясымен құны 4 млрд доллар болатын келісімшартқа отырды. Осыдан кейін Tesla-ның нарықтағы капитализациясы 1 триллион доллардан асты. Ал акциясы 15 процентке өсті.