Таулы Қарабақ маңында халықаралық әуежай ашылды

Оны Түркия басшысы мен Әзербайжан президенті ашты. Нысан сегіз ай ішінде салынып біткен. Былтыр қарашада 44 күндік соғыстан кейін армяндар мен әзербайжан арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалып, өзге елді мекендермен бірге Физули ауданы да Баку бақылауына өткен болатын. Әуежайда әзірге бір ғана ұшып-қону жолағы бар, терминал 200 жолаушыға арнап жасалған. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) нысанды әуежай тізіміне енгізіп, FZL деген белгісі бар код берді. Физули – былтырғы соғыс кезінде Әзербайжан тарабына қайтарылған алғашқы қала.