Ұшатын көлік дәстүрлі қозғалтқыш және төрт электр мотормен жабдықталған. Соның арқасында көкте сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 40 минуттай ұшуға болады. Стартапты ұлттық өндіріс алпауыттарының көмегімен жергілікті компания жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кетейік мотоциклдің құны – 680 мың доллар. Компания ховербайк құны қымбат болғанымен, қалталы тұтынушылар алатынына сенімді. Алайда Жапонияда мұндай көлікті пайдалану қиын болуы мүмкін. Себебі күн шығыс елінде жол және әуе қозғалысы қатаң реттеледі.