Ит-мысықты қорлағандар қамауға алынады

Бүгін Мәжілісте жануарларға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, асыраушылар өз жануарларын міндетті түрде ветериналық есепке қоюға міндетті. Енді үй жануары туралы ақпарат мәліметтер қорына енгізіледі. Мұндай жүйе қазір Алматы қаласында жұмыс істеп жатыр. Шалғай аудандарда үй жануарларын есепке алу үшін мобильді қызметтер іске кіріседі. Айта кетейік, тіркеуге қатысты барлық шығынды үй жануарының иесі өзі көтереді. Ал қаңғыбас ит-мысықтарды арнайы қызметтер аулап, орталықтарға уақытша орналыстырады. Ол жерде ит-мысыққа ен қойылады. Тиісті вакцина салынып, зарарсыздандырады. Осыдан кейін алып кетуге ешкім ниет танытпаса, ит-мысықтар қайта көшеге жіберіледі,- деді экология министрі.