Қызылордада менеджер атын жамылған адам 27 млн теңге шығын келтірді

Қызылорда қаласының тұрғынына «автокөлік орталығының менеджерімін» деп хабарласқан алаяқ 27 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, соңғы үлгідегі екі көлігін иемденіп алып, сатып жіберген. Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.