Қазақстандықтар оңай жолмен ақша табамын деп 130 млн теңгеден айырылып қалды

Фото: Baltnews

Алматылық әйел қала тұрғындарын күмәнді жобаға инвестиция құюға шақырып, 130 миллион теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. Анықталғандай, күдікті инвестициялау бойынша ЖШС ашып, оны туысқанының атына тіркеген. Кейін туыстары мен достары арқылы адамдар тартып, оларға презентация өткізген. Жәбірленушілерге салған соманың 10% мөлшерінде ай сайын дивиденд төлеуге уәде берген. Ниетінің түзу екенін дәлелдеу үшін жәбірленушілермен өз компаниясының атынан жалған инвестициялық келісім жасап, олардан қолхат арқылы 500 мыңнан 50 миллион теңгеге дейін ақша алған. 51 жастағы әйел ұсталып, қамалды.