Түркістан облысында 17 адам жабылып зорлағанын айтқан 17 жастағы қыз оқиғаның қалай болғанын баяндады. Жәбірленуші Дильноздың айтуынша, сол күні сыныптас қыздарымен базарға киім көруге барыпты. Қайтар жолда танысы үйіңе жеткізіп саламын деп көлігіне мінгізіп алған. Танысы оған жолда су берген. Әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көреді. Бұл туралы “Астана” хабарлады. “Алдымен өзеннің жағасында зорлады. Кейін бір үйде зорлады. Сол жаққа балаларды шақырды, кейін бақшаға алып барды. Сол жақтан басқа бір үйге келдік”, – дейді Дильноз. “Кетсең өлтіріп, суға тастаймыз, ешкім таппайды деді. Қорықтым”, – дейді жәбірленуші. Төрт күннің ішінде кемі 17 еркек келді дейді Дильноз. Ал полиция алғашқыда бұл істі “адам ұрлау” бабымен тіркегенмен, қазір “зорлау” бабымен қайта тергеп жатыр.