Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz. Ведомствоның мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында күн салқындап, жел күшейіп, тұман мен жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты құзырлы орган көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертеді. “Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек. Жылдамдық режимін, сондай-ақ көліктер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі”, – дейді Ішкі істер министрлігі.