Қарағандыда ер адам кәсіпорын директорына оқ атты

Қарағандыда ер адам ЖШС директорына тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Polisia.kz. Анықталғандай, кәсіпорында 30 жастағы ЖШС директоры әлдебіреумен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде қаскөй травматикалық “Оса” тапаншасынан басшыға оқ атқан. Жаралы кәсіпкер медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ. “Полиция “ізін суытпай” 29 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді”, – деп мәлімдеді полиция. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.