Күдіктінің бірі АҚШ долларын өткізу кезінде қолға түсті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті мамандары хабарлады. Тергеу барысында күдікті қолдан жасалған 50 АҚШ долларын бірнеше рет спорттық ойын ұтысына салғаны анықталды. Оның екі сыбайласы да қолға түсті. Күдіктілердің үйінен 7 мың 600 доллар жасанды ақша табылды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.