Алматы метросында пойыздар жиі қатынайтын болды

Бүгіннен бастап пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарды. Бұл туралы «Метрополитеннің» баспасөз қызметі хабарлады. «Жолаушылар ағынының ұлғаюы және жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты метрополитенде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады»,- делінген ресми хабарламада.