Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан құтылды

Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді. “Тергеу барысында сот орындаушысының шабуыл жасауға өзі итермелегені анықталды. Қолда бар видеоны зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қостық”, – деді Алматы қалалық ІІД.Полицейлер аталған мән-жайға байланысты қылмыс құрамының, яғни сот орындаушысының әрекетіне кедергілердің жоқтығын айтты. Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған.