Петропавлда апат болған жылу электр орталығы қалпына келтірілді

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Ілиясовтің хабарлауынша, қазір облыста қажетті 7 қазандық толық істеп тұр. Жарық кеше кешкі 22.00-де берілді. Естеріңізге салайық, жексенбі күні кәсіпорында 3 бірдей қазандық істен шыққан болатын. Ірі апаттан облыс орталығының жартысы мен 145 елді мекен қуат көзінен ажыратылды. Жөндеу жұмыстары күні-түні жүргізіліп, қондырғылар қайтадан іске қосылды.