Мемлекетке 500 млн теңге шығын келтірген тұрғын бірнеше жылдан бері жалған фирмалар атынан заңсыз есепшот түбіртектерін шығарып келген, деп хабарлайды «Хабар 24». Осылайша жауапкершілік арқалағысы келмеген компания қожайындарына салықтан жалтаруға көмектескен. Осы мақсатта «Призма Плюс», «Конэктгрупп» және «Солмир» атты фирмалар құрылған. Мемлекетке келтірілген шығын жарты млрд теңгеге жуық. Айыпталушы сот үкімімен 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.