Тоқаев: Қазақстан-Қытай шекарасындағы шектеулер тезірек алынады деп үміттенеміз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылуы кезінде сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасына тоқталған. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. – Бүгін біздің жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестігіміз кемелденіп, жаңа кезеңге қадам басты деп нық сеніммен айта аламын. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай елі әрдайым Азиядағы ең басты және сенімді серіктесіміз болып қала береді, – деді Тоқаев. Оның айтуынша, 2020 жылдың қиын болғанына қарамастан екі ел арасындағы тауар айналымы 5 пайызға өсіп, 15 млрд долларға жеткен. “Пандемияға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасына енгізілген уақытша шектеу шаралары тезірек аяқталып, алыс-беріс қайтадан жандана түседі деп сенеміз” деді Тоқаев.