Ақын Қайнар Алагөзов коронавирус жұқтырған шенділерді алаяқ деп атады

Отандық танымал ақын Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясын жұқтырып, бүгінде оқшауланып жатқан шенеуніктерді сынап тастады. Айтыскердің ойынша, олардың ешбірі шын мәнінде COVID-19 індетіне шалдықпаған. Ол тіпті қауіпті вирус мүлдем жоқ екенін айтып, ауырып жатқан шенділердің біреуіне де сенбейтінін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хит әндердің мәтінін жазып жүрген Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясына қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

“Мына аурулардың ішінде мен сенетін ешкім жоқ екен. Тап осыдан өліп, өздері салдырған пешке өртесе де сенбейм. Жер бетінде ешқандай да Коранавирус жоқ, достар. Коранавирус бар деп, елді ақымақ санап, жұртты сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ” , – деп жазды Алагөзов. Белгілі ақынның жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, елдің сынына ұшырады.