Шымкентте 5 және 8 жастағы қызды зорламақшы болған ер адам ұсталды

Шымкент қаласында кәмелет жасына толмаған екі қызға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Polisia.kz мәліметінше, 11 маусым күні тәртіп сақшыларына белгісіз біреудің 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен.

Нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның бұрын сотталмағаны, жұмыссыз және үйленбеген екенін айтылды. Ер адам өз қылмысын мойындады