Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай деді. Өйткені тапсырыспен алдыртып жатқан америкалық «Файзер» вакцинасының дозасы тек 12 жасқа толған балаларға арналған екен. «Қазақстан әзірге шетелдегідей 5 жасқа толған балаларға екпе салуға бара қойған жоқ. Қажеттілік туындаса ғана ол екпеге тапсырыс береміз»,- деді Айжан Есмағамбетова.