Елордада “көк” мәртебесі барлар сауда орталықтарына кіре алады

Өйткені астаналықтардың жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салу туралы норма әлі күшіне енген жоқ, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігі. Қаулы шығарыла салысымен сауда орталығына жұмыс күндері де “көк” статусы бар келушілер үшін шектеу қойылады. Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін сауда ойын-сауық орталықтарына жұмыс күндері де “жасыл” мәртебесі барлар ғана кіре алатыны туралы шектеу 8 қарашадан бастап іске қосылуы керек болатын.