12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және балалы әйелдер Pfizer вакцинасын алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 16 қарашадағы мәліметке қарасақ, республика бойынша екпенің бірінші компонентін 4 мың 779 адам салдырды. Вакциналау басталған екі тәулікте елордада 643 бала екпе алды. Оның 428-і емханаларда, 215-і мектепте вакциналанған. Айта кету керек, оқушыларға вакцина тек ата-анасының рұсаты бойынша салынады.