Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

Орал-Атырау тас жолында “Газель” көлігі өртенді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті. Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген. “Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды”, – делінген хабарламада. Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған. Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.