Әйел төрт айлық баласына 38 жерден пышақ салған. Ол баласы қатты жылағаны үшін осылай жарақаттаған. Сотта 42 жастағы әйелдің параноидтық шизофрениямен ауырғаны және қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмағаны дәлелденді. Сот сотталушыны психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу жазасына кесті, деп жазды “Ақ Жайық”. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс екі айдан астам уақыт қаралды. Сот үкімін тыңдауға әйелдің туыстары келмеді, ал күйеуі үкімді онлайн тыңдады. Әйел психиатриялық орталыққа жатқызылды.