Алматыда кеңсеге түсіп, сейф тонағандар ұсталды. Сейфте 1,5 миллион теңге болған деген ақпарат бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың әрекеті бейнебақылау камерасы арқылы анықталды. Ұрылардың бірі екінші қабатқа шығып, сейфті терезеден лақтырған. Полиция іле-шала 26 және 28 жастағы екі азаматты ұстады. Олар бұрын да осындай қылмыс үшін сотталған екен.