Қазақстан Египетпен әуе байланысын шектейді

Коронавирустың жаңа штамынан шошып, шекараны жабудың қажеті жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі жүріс-тұрысты шектегеннен пайда шамалы. Керісінше шекараны жапсаң туризм ақсап, көп адам пайдадан қағылады. Тіпті ел эпидемиологиялық тұрғыда хабар-ошар алудан да кенжелеп қалады. Оған қарағанда жолаушыларды мұқият тексеріп, оқшаулау әдісіне мән берген жөн дейді мамандар. Бірақ ұйымның кеңесіне құлақ асып жатқандар шамалы. Шекарасын жауып жатқан елдер көбейді. Қазақстан да ертеңнен бастап Египетпен әуе байланысын шектейді. Кейінгі ақпарға қарағанда «омикрон» 23 мемлекетте анықталған. Әзірге оның адамнан адамға қаншалықты тез жұғатыны белгісіз. Денсаулық сақтау ұйымы алдағы 2 аптада омикронның қаупін анықтап, бір жағына шығып қаламыз деген үмітте.