Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.”Жас Қанат” шағын ауданының тұрғындары видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Аталған факті бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады”, – деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында. Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға әлеуметтік желілерді шулатқан болатын. Жас қыз Ақтау қонақ үйде лифт алдында дәрет сындырған болатын.