Қазақстандықтар зейнетақы жинағына шағымдануда

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың ең төменгі жеткіліктілік шегі көтерілгенін естіп, шағымданып жатыр. Желіде ел тұрғындарының наразы пікірлері пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Айта кеткен жөн, бұған дейін 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шегі екі есеге жуық өсетіні белгілі болған еді. Қазақстандықтардың көбі бұл шешіммен келіспейтінін жазуда.