Министр Атамқұлов баспана арзандайтынын мәлімдеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы қазіргі жағдайды сабын көбігімен салыстырды. “Арзандайды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Министр ретінде осы мәселемен жұмыс істеймін. Мемлекеттік сараптама және зерттеу институттары арқылы шаршы метр қанша тұратынын жақсы білеміз. Кейінгі жылы әр шаршы метр бойынша түсінік бердік. Нарықтағы кейбіреулердің алыпсатарлық әрекеттері үлкен роль атқарады. Тіпті кейде үстеме бағасы екі есе”, – деді Атамқұлов. Министр қазір монополияға қарсы комитетпен бірлесіп бағаларды реттеу үшін шаралар кешені қаралып жатқанын айтты.