Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Алматы қаласы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаменті бұл ақпаратты растады. “Қазір Жетісу аудандық полиция бөлімі соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жайды анықтап жатыр”, – деді департаменттегілер. Бұған дейін әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.