“Бәйтерек” холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов осылай деп мәлімдеді. Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында “Отбасы банк” базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын айтты. “Оның базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады”, – деді Айдар Әріпханов. Оның айтуынша, “Отбасы банк” облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 процент болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты келер жылдың 1-тоқсаны.