Ескі көліктерді утилизацияға қабылдау жобасы қайта басталады

18 бірдей қабылдау пункті 5 қаңтардан бастап ашылады. Қолданыстан шығарылған автокөліктер электронды кезекпен қабылданады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 70 мың жеңіл көлікті қабылдауға арналған ұлғайтылған квотаны мақұлдады,-деп хабарлайды Stan.kz. Келер жылы айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты қолданыстан шығарылған көліктерге төленетін өтемақы мөлшері де өзгереді. Бұл сома көлік категориясына қарай 165 402 теңге мен 606 474 теңге аралығында болады. Қабылданған техникалар Қарағанды зауытында өңделеді.