“Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі енгізілгенін хабарлайды”, – делінген хабарламада. Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 4-6 қаңтары аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды. Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ (“ПМ”, “ТТ” маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді.