Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әсем Бекқызы Нүсіпова бұл қызметке Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Президент Әкімшілігінің келісімімен тағайындалды. Әсем Нүсіпова 14 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Оның соңғы атқарған қызметтері: 2008-2016 жылдары – “Қазтрансойл” АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.