“Бүгінгі таңда ішкі істер органдары 2 565 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар бойынша 271 адам қамауға алынды”, – деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Бүгінде ұсталған адамға қатысты заңсыз күш қолдану және тағы басқа арыздар болса, ішкі қауіпсіздік департаменті бірден тексеріс өткізеді. Осы уақытқа дейін 59 шағым қаралып, қылмыстық істер қозғалды. Барлық материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.