Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жұмыстарын бастады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен коммуналдық көмірге баға белгілеу мәселесі қаралды. Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – делдалдардың саны қысқарды, бөлшек сатушылардың көмір кеніштерінің ресурстарына тікелей қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Көмір құнына оңтайлы баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында үкімет өнімсіз делдалдарды шеттету жұмыстарын бастады, деп хабарлайды primeminister.kz.