Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды. Бұл ақпарат Қазақстан Бас прокуратурасының сайтында жарияланды. Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, Мұрат Бектанов биыл Қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін айыпталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша абақтыға қамалған. Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. 2022 жылы 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны “қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады” деп кінәлап, қызметінен босатқан.