Әлібек Жақанбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болған Әлібек Жақанбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, Алматы облысы әкімінің өкімі бойынша, Серік Тұрдалиев басқа қызметке тағайындалуына байланысты облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған. Жақанбаев 2011 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың наурызына дейін – Алакөл ауданының әкімі болған.