Бас прокуратура: Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды. Бұл ақпарат Қазақстан Бас прокуратурасының сайтында жарияланды. Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, Мұрат Бектанов биыл Қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін айыпталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша абақтыға қамалған. Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. 2022 жылы 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны “қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады” деп кінәлап, қызметінен босатқан.