Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов жаппай тәртіпсіздік бойынша 52 адам сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, ішкі істер органдарында қаңтар оқиғасы бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің негізгі бөлігін ұрлық, қаруды заңсыз сақтау және ұрлау фактілері құрайды. “Сотқа 86 айыпталушы тапсырылды. Бүгінде еліміздің соты жеке басын және жасаған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады”, – деді ол брифингте. Соның ішінде 39 адамның бас бостандығы шектелсе, 13- і бас бостандығынан айырылды, ал екі іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.