Еуроодақ ресми Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар қабылдады

Жазалау шаралары Ресей экономикасының стратегиялық секторларын қамтиды және озық технологиялар мен нарықтарға қатысуға тыйым салды. Сондай-ақ “кәрі құрлық” елдерінің бірлестігі Кремльдің Киевке қарсы әскери іс-әрекетін айыптап, қарулы күштерін Украина аумағынан шығаруды талап етті. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен “Ресей халықаралық құқықты бұзды және еуропалық әрі жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіріп тұр” деп мәлімдеді. Одақ өкілдері Мәскеуді Украинаның аймақтық тұтастығы мен егемендігіне құрмет көрсетуге шақырды. Еурокеңес ушыққан жағдайға қатысты бүгін кезектен тыс отырыс өткізбек.