Бұл ұсынысты Алматы әкімі аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов айтты. “Еңбек инспекциясын бөліп, әлеуметтік қорғау бөлімін қайта құру керек. Функцияларды Қоғамдық даму басқармасына бере отырып, Шығармашылық индустрия басқармасын Жастар саясаты мәселелері басқармасы деп атау ұсынылды. Бұл ретте шығармашылық салаларды дамыту функционалы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына беріледі. Жобада Энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту басқармасын – Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Тұрғын үй саясаты бөлімін – Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Жасыл экономика бөлімін – Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасын – Құрылыс басқармасы, Қоғамдық денсаулық басқармасын – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы деп өзгерту көзделген”, – деді Нұрпейісов мәслихат сессиясында. Барлық депутат жобаны қолдап дауыс берді, қарсы болғандар жоқ. Алматы қаласын басқарудың жаңа құрылымы жобасы мақұлданды. Өзгерістер 1 мамырына дейін енгізіледі деп жоспарланған.