Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысы тағайындалды

Бұл қызметке Талғат Жапарханұлы Қозбеков келді деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Талғат Қозбеков еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.