Еске сала кетейік, Абай қаласында жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиеші балалардың желкесінен ұрған. Бұл фактінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Тәрбиешінің әрекеті полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. “Полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні анықтады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен. Кейінірек Қарағанды облысының білім басқармасы балаларға қол көтерген тәрбиешнің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Ал әдіскер мен мектепке дейінгі мекеменің директорына қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.