Қарағанды облысында шахтада кенші қаза тапты

56 жастағы кеншінің өліміне “Саранская” шахтасында тау-кен массасының опырылуы себеп болған. Бұл туралы “Қорғау” көміршілер кәсіподағы мәлім етті. “Кәсіподақ қаза болған кенші Бертагин Талғат Аяпбергенұлының туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады”, – делінген хабарламада. Ақпарат “АрселорМиттал Теміртау” АҚ ресми сайтында расталды. Кәсіпорында комиссия жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.