Қазақстанда бензиннің бағасы көтерілмейді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің бағалары арасында үлкен алшақтық бар. Қазір ресейлік өнім біздікінен арзан болып, нарқымызды толтырып жатқаны байқалмайды. Жаңа акциз қолданылғандықтан, баға көтерілмейді. Бірақ оның арзандауы да екіталай. Қазір 92 маркалы бензин 182 теңге, АИ-95 230, ал дизель 215 теңге. Бұл бағалар әлі де сақталып тұр деді Ақшолақов. Бұл ретте ол Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың қатарында екенін айтты.